
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!!!
2024 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында Жақсылық жаса! ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз.
“Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр.
Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез келген адам көмектесе алады. Көмек кеңсе тауарлары немесе мектеп киімдері түрінде берілуі мүмкін.
Әрқашан игі істің басында жүретін, бала қуанышын бәрінен қымбат санайтын жомарт жандарды акцияға белсене қатысуға шақырамыз!
Акция қатысуға ниетті жандар төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласа алады.
Байланыс телефоны: 47-00-29
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нуртаева Айгуль Темирболатовна,87074852580
Әлеуметтік педагог: Аблина Алия Каратаевна,87754063004